22 Мамыр 2023
161

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

Халықаралық  ЖИТС-тен   (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қайтыс болғандарды еске алу күні аясында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі және Қызылорда көпсалалы «Ұлағат- Қызылорда» колледждерінде   ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Г.Жолманова, эпидемиолог көмекшісі Қ.Бекова студенттер мен мұғалімдер арасында АИТВ /ЖИТС-тің ҚР, облыстағы індеттік ахуалы, «ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні» бойынша мәліметтер  тақырыбында кездесу болды.  Кездесу барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.