17 Мамыр 2023
171

АИТВ инфекциясынан сақтан!

Халықаралық ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Е.Әуелбеков атындағы мамандандырылған  лицей-интернатында оқушылар, мұғалімдер арасында кездесу  болды. Кездесу барысында зиянды әдеттерден аулақ болу, дискриминация және стигманы (кемсіту)  болдырмау, салауатты өмір салтын ұстану, АИТВ- инфекциясын жұғу жолдары, сақтану шаралары түсіндірілді және оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Іс-шара барысында түрлі бейнебаяндар көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.