16 Сәуiр 2021
958

АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық жұмыстар жалғасуда

 АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық жұмыстар жалғасуда

 

Облыстық  ЖИТС-тің алдын алу және оған  қарсы күресу орталығының мәжіліс залында Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департамантіне қатысты мекемелердегі бастықтың медицина жөніндегі орынбасарлары және медицина қызметкерлерінің қатысуымен АИТВ-ның алдын алудағы қолданыстағы өзгертілген бұйрықтар бойынша және мекеме ішілік жұқтыру жағдайларын алдын алу мақсатында жұмыстық отырыс бетперде және әлеуметтік арақашықтық ережесі сақтала отырып ұйымдастырылды.

Отырыс барысында жалпы АИТВ, ЖИТС-тің әлемдегі, республикалық, облыстық індеттік ахуалы, оның ішінде пенитенциарлық мекемелердегі жайлары туралы ақпарат берілді. Осы мекемелерде АИТВ-ға тестілеу жұмыстарын жүргізуде орын алған кемшіліктер талқыланды. Оларды жою жолдары көрсетіліп, орындалуына нақты мерзімімен тапсырмалар берілді.