18 Наурыз 2024
46

Жастар және АИТВ

ЖИТС орталығы Қазалы филиалының ұйымдастыруымен  «Жастар арасындағы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында Қазалы аграрлы техникалық колледжі жастары арасында кездесу өтті.

Мақсаты - адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Айбасов Т және колледж мейірбикесі А.Мәмбетова қатысты.

Сонымен қатар, жиын соңында жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.