18 Наурыз 2024
42

АИТВ-ның алдын алу шараларына байланысты түсіндірме жұмыстары

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен іс-шаралары жоспарының негізінде, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Байсын ауылындағы №207 орта мектепте «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет» тақырыбында оқушылармен кездесу болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-ның алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану барысы түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық парақшалар таратылып, қорытындыланды.