10 Ақпан 2024
86

Мектеп оқушылары ақпараттандырылды

Қызылорда облысындағы №1 мектеп гимназия, №282, №15 мектеп лицейде облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру   болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары және стигма, дискриминацияны болдырмау жөнінде айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Смағұлова Н., педагог