06 Ақпан 2024
76

Медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша  семинар өткізілді

Қызылорда облыстық ЖИТС орталығының мамандары С.Балықбаева, Ж.Қыстаубаева, А.Майданбаевамен Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының,Төретам мен Ақай елді мекемендерінің  медицина қызметкерлері арасында  «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Семинар барысында ҚР ДСМ-нің  27.11.2020ж №211 бұйрығы бойынша  АИТВ-инфекциясына  клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетін контингенттер туралы, ҚР-да, облысымызда АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы, таралу жолдары  мен алдын алу шаралары, медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу, байланыстан кейінгі алдын алу, АИТВ-инфекциясына қан алу,  сақтау, тасымалдау ережелері бойынша толық мәліметтер беріліп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар берілді.

Балықбаева С.Ш - ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі