20 Қазан 2023
144

Алдын алу шаралары жалғасуда

Күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу шараларын  тұрғындар арасында да насихаттау әсте бәсеңсіген емес.   Соның бір айғағы ретінде  Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп базасында ата-аналар арасында «Балалардың репродуктивті тәрбиесін ерте жастан қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында кездесуге қатысып, тұрғындарға АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, одан сақтану шаралары, туралы мәліметтер беріп, әр ата-анаға балаларының АИТВ инфекциясын жұқтырмау өз қолында екені түсіндірілді.

Кездесу барысында «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының мамандары отбасылық құндылықтар жөнінде семинар тренинг өткізсе, жастар денсаулық орталығының гинекологы жыныстық тәрбие туралы  және өз орталықтарының жұмысы жөнінде айтып өтті.