18 октября 2019
3613

1-қазан 2019 жылға барлығы ҚР бойынша 35701 адам АИТВ инфекциясымен тіркеліп отыр.

Жұғу жолдары бойынша 10-ы жыныстық қатынас  арқылы, 1-уі иньекциялық есірткі тұтыну арқылы, 1 бала  анасынан  жұқтырған.

Соңғы жылдары ауылдық жерде көбейіп келеді. Биылғы 12 адамның 5-уі әйел адамдарда, 7-уі ер адам,  7-і ауылдық жерден , 5-уі қаладан тіркелгендер

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 10 қазан 2019ж №653 бұйрығымен  «Қоғамдастықтың маңызы» тақырыбында қараша  –желтоқсан айларының 5-і аралығында өткізілетін Бүкіләлемдік ЖИТС –ке қарсы күрес Кампаниясына орай  іс-шаралар жоспары бекітілді.  

Қазан айының айының 16-да ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігер әдіскері Ж.Қыстаубаева   облыстағы емдеу алдын алу мекемелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты мамандары арасында «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары, иетреактивті оқыту әдісінің маңызы» тақырыбында облыстық семинар тренинг өткізді.

Облыстық тренингті өткізудегі мақсат: АИТВ  инфекцияның алдын алуда тұрғындарға және жастарға ақпараттық білім беру жұмысы үлкен роль атқарады. Сондықтанда  Кампания қарсаңында жауапты мамандарға АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары  туралы, толыққанды мәлімет беру,  сонымен қатар жастар арасында  интерактивті оқыту әдісімен тренинг жүргізу әдістерін практика жүзінде көрсету,алдын алуда ақпараттық білім берудің тиімді әдістері жөнінде мәліметтер беру.

Ұйымдастырушылар: ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық орталығы ЖШС

 

 

16 қазан  2019ж

Дәрігер әдіскер Ж.Қыстаубаева