23 Мамыр 2023
167

ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне орай жастар арасында кездесу өткізілді

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облысытық орталығының Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, аудандық жастар ресурстық орталығы,аудандық жастар денсаулығы орталығы мамандарының қатысуымен ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне орай жастар арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің облыс, аудан бойынша індеттік ахуалы және АИТВ-ның жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Іс-шара барысында мамандармен сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық мәліметтер беріліп қорытындыланды.