22 Мамыр 2023
214

207 мектеп іс шара

Алдын алу шаралары жалғасын табуда
Шиелі ауданы Байсын елді мекеніндегі №207-ші орта мектебінде ,
жоғарғы сынып оқушыларының арасында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс
болғандарды еске алу күніне байланысты іс-шара өткізілді. АИТВ/ЖИТС
мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының
алдын алу мақсатында, оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылып
өткізілді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық
орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының
маманы Т.Досаев
Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы
мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған
сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.