19 Мамыр 2023
160

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу

Халықаралық ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжде студенттер мен мұғалімдері арасында АИТВ /ЖИТС-тің өзекті мәселелері тақырыбында ЖИТС орталығының маманымен кездесу болды.Кездесу барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.