19 Мамыр 2023
171

Салауатты өмір салты насихатталды

Жастар мен жасөспірімдер назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Арал индустриалды-техникалық колледжі студенттері арасында кездесу кеші өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға есірткіден аулақ болу, жаман әдеттерден бойын таза ұстау керек екендігі айтыла келе, қазіргі таңда АИТВ инфекциясының не екендігі, алдын алу, сақтану шаралары жөнінде толық мәлімет берілді.