19 Мамыр 2023
152

Мектеп психологтары АИТВ туралы ақпараттандырылды

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен Шиелі аудандық білім бөлімінің біріккен жоспарына сәйкес, ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне орай психологтар арасында семинар кеңес өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу шаралары және індеттік ахуалы туралы баяндама жасады. Іс-шараға қатысушыларға ақпараттар беріліп, сұрақ жауап алмасып, қорытындыланды.