17 Мамыр 2023
157

«АИТВ және ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында кездесу

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Сарсенбаева Светлана Аумажитовна, эпидемиолог көмекшісі Бекова Қазынаның қатысумен ағымдағы жылдың 16-шы мамыр күні «М. Ықсанов» атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттері мен мұғалімдері арасында «АИТВ және ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

 Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. Кездесу барысында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің мақсаты туралы және республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат берілді. Колледж студенттері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

Эпидемиологиялық бөлімнің дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева