30 Наурыз 2023
204

АИТВ инфекциясын көрсеткіштерге сәйкес тексеру, анықтау және алдын алу мәселелері

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2 ақпан 2023 жылғы №48 бұйрығына сәйкес наурыз айының 1 мен 16 аралығында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың емдік көмек бөлімінің меңгерушісі Ш.Утегенова және ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева Қалалық орталық емхана, №1, №3 , №4 қалалық емханаларда жалпы тәжірибелік дәрігерлер меңгерушілері мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында «АИТВ инфекциясын көрсеткіштерге сәйкес тексеру, анықтау және алдын алу мәселесі бойынша» семинар жүргізіп, соңынан  аттестация өткізді. Барлығы 72 дәрігер аттестациядан өтті. 

Семинар барысында облыстағы індеттіх ахуалмен 07.07.2020ж «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс баптарымен, ҚР ДСМ “АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы 27.11.2020 жылғы №211, «Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 26 мамыр 2021  жылғы №44 бұйрықтарымен, сонымен қатар АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы ақпараттармен бөлісті. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Облыс көлемінде осы шаралар әлі де жалғасады.

Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева