27 Ақпан 2023
229

«Конго - Қырым геморрагиялық қызбасын алдын алу» тақырыбында семинар

ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының 20.02.2023ж. №07 - 13 / 770 санды хатын басшылыққа ала отырып, ҚР ДСМ - нің 12.10.2021ж «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс - шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидадарын  бекіту» туралы №ҚРДСМ - 114 бұйрығы, оның ішінде «Конго - Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы, диагностикасы, емдеу, кенеден сақтану, аурудың алдын алу тақырыбында семинар - сабақ ұйымдастырылды.

Семинар барысында орталықтың дәрігер - эпидемиологі А.Садвакасова 2022 жылы Республикада, облысымызда Конго - қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қалыптасқан індеттік жағдай, кенелер денеден табылған кезде қандай іс - шаралар жүргізу қажеттігін, оның ішінде осы ауруды жұқтырғандар болған жағдайда кезектен тыс жүргізілетін іс - шаралар туралы толық мағұлмат беріп, семинар аяғында жеке қорғаныш құралдарын кию тәртібі бойынша практикалық дағдылар көрсетілді.

Бөлім меңгерушісі С.Балықбаева