16 Қантар 2023
172

АИТВ-ның алдын алу

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының маманымен №271 орта мектепте, Жалаңтөс Баһадүр атындағы мектеп интернат колледжінде  жоғарғы сынып оқушылармен кездесу болып өтті. Кездесу барысында  ЖИТС орталығының маманы оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат берілді. Орталық маманы АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы айтып оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.