07 Қазан 2020
1465

АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігер-дерматовенерологы А.Исмаилова  «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорында АИТВ/ЖИТС-инфекциясы туралы жалпы ұғым, оның шығу тарихы, жұқтыру көзі, жұқпа жолдары, таралу ерекшеліктері, клиникасы, диагностикасы, антиретровирустық терапиясының қажеттілігі жайлы жан-жақты видеоролик, презентация көрсетіліп сақтану шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы және облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы осы індетпен өмір сурушілер жайлары айтылды. АИТВ-инфекциясын анықтаудағы антиретровирустық терапия тағайындаудағы соңғы жаңалықтар, тұрғындардың 90 пайызы өз статусын білуге тиістілігі қазіргі уақыт талабы туралы айтылды. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық негізде толық жауаптармен белсенді түрде талқыланып жүргізілді. Семинарға дейін және семинардан кейін сауалнама жүргізіліп, қате жауаптар бойынша түсіндірме жүргізілді.

Исмаилова А.Т, дәрігер дерматовенеролог