17 Маусым 2020
2045

АИТВ және НАШАҚОРЛЫҚ.

АИТВ-инфекциясы, бұл-халықтың денсаулығына қауіп төндіретін, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде, өнімділікте қол жеткізген табыстарға, адамдардың әл-ауқатына, қоғамның бірлігіне, дамуына кедергі келтіретін проблема болып табылады. Осы АИТВ-инфекциясының жұқтырылуының  себептерінің бірі, бұл- нашақорлық.

      

Нашақорлықтың өсуі әлемдегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда есірткіні пайдалану күннен-күнге өсіп келуде. Нашақорлықтың арасында АИТВ таралуы қауіпті, тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар, оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді АИТВ-пен зақымдалу қауіпіне ұшыратады. Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп, тәуекелге  жиі барады.  Инъекциялық есірткі тұтыну АИТВ-инфекциясының таралуының бірден бір себебі болып табылады. Мұндай жағдай, қоғамда қатты алаңдатушылық туғызады.

      

Қазіргі күнге эпидемиологиялық жағдай;    2020-шы жылдың төрт айында Республикада 1325 адам тіркелген, оның 1276-ы Республика азаматтары, 40-ы шетел азаматтары, жалпы былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 147 жағдайға өсіп отыр, ал облыста төрт айда былтыр 4 адам тіркелсе, биыл 5 адамнан тіркелді. Ал бүгінгі күнге Шиелі ауданында жаңадан 2 науқас анықталып барлығы 14 жағдай болды.

Жалпы Республикада да, біздің облыста да АИТВ-ның індеттік жағдайы күрделеніп келеді, оның ішінде біздің ауданда облыстағы басқа аудандардың арасында жоғарғы көрсеткіш көрсетуі, яғни өсу үрдісімен осы уақытқа дейін тіркелген 14 адамның 3-уі жұмысшы, 1-уі әскери қызметкер, 6-уы жұмыссыз, 1-уі зейнеткер, 2-уі жүкті әйел, 1-уі 1 жасқа дейінгі бала болғаны, бұл ауру жасқа да, әлеуметтік статусқа да қарамайтыны  сонымен қатар соңғы бес жылда 11 жағдай тіркеліп отырғаны алаңдатарлық жағдай.Қорытындылай келе, достар, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, білімдіде, білікті жастармен болашаққа нық сеніммен бет алайық. Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы  саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы

күрес жөніндегі облыстық  орталықтың

Шиелі ауданындағы филиалының

эпидемиолог көмекшісі Б.Парманқұлов