05 Наурыз 2020
1522

АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандырылды

Наурыз айының 03 жұлдызында Әйтеке би кенті Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы техникалық колледжінің студенттері арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, жұғу жолдары, алдын алу шаралары тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы ақпарат берілді. Іс-шара соңында бейнероликтер көрсетіліп, студенттер ЖИТС туралы сұрақтар қойып толық қанағаттанарлық мәлімет алды.

ЖИТС орталығы Қазалы филиалы
эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов