18 Ақпан 2020
1600

«Өз денсаулығың өз қолыңда!»

Шиелі ауданы Алмалы елді мекеніндегі №181-ші жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде, мұғалімдердің, жоғарғы сынып оқушыларының АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында, оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Мектеп аяжаны іс-шараның маңыздылығына тоқталып, білім АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру барысында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алу. Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

ЖИТС-тің алдын-алу

және оған қарсы күрес

 жөніндегі облыстық орталықтың

 Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев