10 Ақпан 2020
1696

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және облыстық фтизиопульмонология орталығымен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті базасында ҚР Үкіметінің 31 мамыр 2014 жылғы № 597 қаулысымен бекітілген,

2014-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары негізінде тергеу, түзеу мекемелерінде ВИЧ-инфекциясы және туберкулездің лагерішілік таралуын алдын алуда тергеу қамауындағылар мен сотталғандар арасында аталған аурушаңдық көрсеткіштері бойынша мәселелері сұрақтар мен атқарылатын іс-шараларды талқылау мақсатында Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерімен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың басшылық жасауымен, сонымен қатар облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бөлім меңгерушісі С.Балықбаева, дәрігер-эпидемиологы А.Садвакасова, емдік-көмек беру бөлімінің дәрігер-инфекционисі А.Балмаханова, облыстық фтизиопульмонология орталығының инфекциялық бақылау координаторы Т.Бектегеннің қатысуымен өтті.

 

Дөңгелек үстел барысында АИТВ-инфекциясының әлемдегі, республикадағы, облыстағы жалпы эпидемиологиялық жағдайы мен бас бостандығынан айыру орындарындағы АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, лагерішілік жұқтыру жағдайлары, осы індетпен өмір сурушілер жайлары баяндалды. Осы індетті алдын алуда туындалған мәселелер талқыланды.


Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу бойынша өзгерістер және жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы айтылды.
Кездесу соңында бірлескен жұмыстың оң нәтижелері айтылды, сондай бірлескен жұмыс бойынша іс-әрекетті одан әрі жалғастыруды және бар мәселелерді бірігіп жоюға шешім қабылданды.

 

ЖИТС орталығы дәрігер-эпидемиологы А.Садвакасова