21 Қараша 2019
3360

АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары жалғасуда

Биыл  5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында айлық жарияланған болатын.

Осы айлық аясында облыстағы барлық оқу орындарында, бизнес салаларында, барлық мекемелерде әр түрлі форматта іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мұндай іс-шаралардың бір айғағы №2 облыстық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері арасында, Мұрагер, №8 орта мектепте дөңгелек стол мен кездесу өткізілді. Іс-шараға облыстық жастар денсаулығының, «ҚОСӨСҚО» ЖШС-нің мамандары қатыстырылды. Аталмыш іс-шараның мақсаты- жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі қолдануға қарсы көзқарасты қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, есірткі тұтынушылардың арасында кездесетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру. Кездесу барысында орталық педагогы Н.Смағұлова АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы айтып, мамандар және оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

 

Н.Смагулова, педагог