27 Маусым 2019
2901

Жасөспірімдер арасында спорттық іс-шара өткізілді

 

Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай Шиелі кенті «Сыр-Ұланы» жазғы тынығу лагерінде аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы Шиелі филиалы, «Сыр-Ұланы» жазғы тынығу лагері әкімшілігінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында спорттық іс-шара өткізілді.

 

Іс-шараның ашылу сөзін «Сыр-Ұланы» лагерінің директоры Ш.Байжанова бастап, қонақтарды таныстырды. Аға тәлімгері Н.Нұрқұлова салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану денсаулық кепілі екенін жайында баяндама жасады.  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы Шиелі филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы және алдын алу шаралары жөнінде түсініктеме берді. Спорт бөлімінің маманы А.Сәрсенұлы оқушылар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Іс-шара соңында жарысқа қатысушылар арасында үздіктер анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.