15 Сәуiр 2019
6026

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - АИТВ-НЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ БАСТЫ ШАРТЫ

21 ақпан 2018 жылы Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қрасы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі аудандық филиалымен «БиС-Фарм»ЖШС-де «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері, бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі», «Салауатты өмір салты - АИТВ-ның алдын алудағы басты шарты»  тақырыбында кездесу ұйымдастырылған.

Кездесудің басты мақсаты: АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, халық арасында салауатты өмір салтын  қалыптастыру, санитарлық ағарту жұмыстарын насихаттау, ақпараттандыру.

Кездесу барысында облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев  Республика, облыс, аудан көлемінде АИТВ/ЖИТС бойынша 2018 жылдың қаңтар айына қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, жұғу, таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды.

Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері, дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаhандық индексі бойынша 2017 жылы Қазақстан Республикасының көрсеткіштері туралы толық мағұлматтар беріліп, іс-шара барысында осы тақырыптағы ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

 

ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы

күрес жөніндегі облыстық  орталықтың 

                                                                                                                                 Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі

А.Яхудаұлы