15 Сәуiр 2019
5986

АИТВ-НЫҢ БИЗНЕСКЕ ӘСЕРІ

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, Шиелі кенті «Кендаурен» ЖШС-да жұмысшылар арасында «АИТВ-ның бизнеске әсері» тақырыбында кездесу болып өтті. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің жалпы індеттік ахуалы жайлы ақпарат беріп, «Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индекісі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақ жауап алмасып, ақпараттық материалдар таратылды.