11 Сәуiр 2019
4379

«АИТВ және ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында кездесу

«АИТВ статусыңды біл!» ұранымен ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Кампаниясын өткізуге» байланысты АИТВ/ЖИТС-тен сақтану шараларын жүргізу мақсатында облыстағы білім беру ұйымдарында түрлі үлгіде іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Соның бірі - 5-ші желтоқсан күні "Ақмешіт" атындағы гуманитарлық техникалық институты мен "Ақмешіт" көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжінде «АИТВ және ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында студенттер арасында кездесу, сұрақ-жауап кеші өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева, социолог Н. Амитов АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары, алдын-алу және сақтану шаралары жайлы кеңінен ақпарат беріп, оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

 

Кездесу соңында қатысушыларға «АИТВ статусыңды біл!» тақырыбында видеороликтер көрсетіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

 

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева