11 Сәуiр 2019
4181

"Өз статаусынды біл" акциясы қорытыланды

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында 2018 жылдың 7 желтоқсанында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы, Болашақ университеті және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен кең көлемді акция өткізілді. Акцияға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы, облыстағы емдеу алдын алу мекемелерінің басшылары, жастар ұйымдары және жоғары, арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы 1-желтоқсанда бірінші рет Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аталып өтілген. Ал, 1999 жылдан бастап бұл күн Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы болып жарияланып, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Биыл ЮНЭЙДС-тің баяндамасы бойынша Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы

30-шы рет 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «АИТВ статусыңды біл!» ұранымен жарияланып отыр.


Бұл Кампания халықтың, оның ішінде жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің АИТВ инфекциясы жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, халықты, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-мен өмір сүруші адамдар мен олардың жанұясына әлеуметтік қолдау көрсету стратегиясын күшейту, АИТВ жұқтырғандарға байланысты кемсіту, алалау, таңба басу сияқты келеңсіз әрекеттерге, гендерлік зорлық-зомбылыққа жол бермеу сияқты мақсатты көздейді.



Акция барысында "Ең үздік телебағдарлама", "Ең үздік мақала" номинациясы бойынша жарияланған бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы конкурс жеңімпаздары марапатталды, сонымен қатар емдеу алдын алу мекемелері, акцияны ұйымдастыруға атсалысқан белсенділер алғыс хат, бағалы сыйлықтермен марапатталды. Концерттік бағдарламамен жалғасқан жастар акциясы өз деңгейінде ұйымдастырылды.

 

07.12.2018ж. А.Оразалиева баспасөз хатшысы