10 Сәуiр 2019
3475

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Қармақшы аудандық психо-әлеуметтік кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен туберкулезге қарсы бөлімшесі медицина қызметкерлерінің арасында АИТВ/ЖИТС-ің алдын алу шаралары, жол картасы аясында семинар ұйымдастырылды.

Семинар барасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының республикадағы, облыстағы, аудандағы індеттік ахуал барысы, сақтану, алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары айтылды.

Балмаханова А., - Қармақшы аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері