19 Сәуiр 2024
40

"Тең - теңімен қағидасы" бойынша жасөспірімдер арасында тренинг өткізілді

ЖИТС орталығы мамандарының ұйымдастыруымен "Тең - теңімен қағидасы" бойынша Y - PEER халықаралық жастар желісінің еріктілері қаладағы №3 IT мектеп лицейінде тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: «тең - теңімен» тәсілі арқылы жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, өз өміріне жауапты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруге үйрету, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың соның ішінде АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру, нашақорлықтың алдын алу, қауіпсіз жыныстық мінез - құлық туралы өз құрдастарын жауапкершілікпен үйрету және қатарластарының өмірі үшін маңызды дағдыларды меңгерту.