15 Сәуiр 2024
38

АИТВ - ның алдын алу жұмыстары жалғасуда

ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының 2024 жылға бекітілген жылдық жоспары және Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес №68 мекеменің жеке құрамы арасында семинар - сабақ ұйымдастырылды.

Іс - шара барысында жеке құрам арасында «Республикадағы, облысымыздағы АИТВ-инфекциясының індеттік жағдайы, пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ - инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ - ның арнайы контингент арасында мекемеішілік таралудың алдын алу, АИТВ - ның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, семинар аясында қойылған сұрақтарға толықтай жауаптап беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Дәрігер-эпидемиолог:

Жанғабылов Н