08 Сәуiр 2024
34

АИТВ-ның алдын алу шаралары

АИТВ-ның алдын алу шаралары

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мамандары 2024 жылдың жоспарына сәйкес облыс, қала тұрғындары, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері  арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылдың 4-ші сәуірінде «CNEK» жауапкерлігі  шектеулі серіктесінің қызметкерлері  арасында «АИТВ-инфекциясы, оның таралу, жұғу  жолдары, АИТВ-инфекциясын ерте  анықтауда қолданылатын жедел-тестілер, зертханалық диагностикасы,  емі және алдын алу шаралары тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырды.

Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясы тақырыбында толық мағұлмат беріліп,  ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

 

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі

С.Балыкбаева