30 Наурыз 2024
28

Колледж студенттері ақпраттандырылды

АИТВ инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ЖИТС ОО Шиелі филиалының мамандары мен Шиелі индустриалды аграрлық колледжі аяжанының ұйымдастыруымен «АИТВ-ның алдын алу, «Кемсітушілікке жол жоқ» тақырыбында оқу орнының студенттері мен мұғалімдері арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС ОО Шиелі филиалының маманы Т.Досаев облыстағы, аудандағы эпидемиологиялық ахуалдар туралы мағлұмат беріп, АИТВ мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «Кемсітуге» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж аяжаны С.Абильдаева жастарды жаман әдеттерден аулақ болу мен салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара соңында ақпарат құралдары таратылып, сұрақ жауаптармен қортындыланды.