28 Наурыз 2024
34

Қазалы аудандық теміржол ауруханасы медициналық қызметкерлеріне арасында семинар

ЖИТС орталығы Қазалы филиалы лаборант дәрігері теміржол ауруханасы медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті. Семинарға қатысушыларға АИТВ инфекциясының республикадағы, облыстағы індеттік ахуалымен таныстырылды. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге жұмыс орнында апаттық жағдай туындағанда АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары айтылды. Жедел тесттің жасау техникасы толыққанды айтыла келе АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу, кемсіту» қоғамнан аластатудың алдын алу жөнінде түсіндірілді. Семинарға қатысушылар қойған сұрақтарына толықтай жауап алды.