28 Наурыз 2024
30

АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды

ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдастыруымен «АИТВ инфекциясының алдын алу және «Кемсітушілікке жол жоқ» тақырыбымен №266 мектеп лицейінің 11 сынып оқушылары арасында кездесу болды. Ұйымдастырылған кездесудің мақсаты АИТВ инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кездесуде ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов қатысып, кәмелетке толмаған жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «Кемсітуге» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.