18 Наурыз 2024
48

Кемсітушілікке жол жоқ

Әйтеке би кенті №216 орта мектеп 11 сынып оқушылары арасында «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет» Кемсітушілікке жол жоқ тақырыбында  кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-ның алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВмен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою. Сонымен қатар АИТВ-ның індеттік ахуалы айтылып, бұл инфекциядан сақтану, алдын алу шаралары түсіндірілді. Іс-шара соңында сұрақ жауап алмасып, үн парақтар таратылды.  

ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов