18 Наурыз 2024
26

Медицина қызметкерлері ақпараттандырылды

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының инфекционист дәрігері А.Молдабекованың қатысуымен, филиалдың жылдық жоспарына және  «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК 23.02.2024 ж № 06-0278 санды тапсырмасына сәйкес  «Тартоғай» дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері арасында  «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою. Іс-шара барысында қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап алмасып, қорытындыланды.