06 Наурыз 2024
40

«Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет»

«АИТВ-ға қан алу, сақтау, тасымалдау және экспресс тестпен жұмыс жасау ережелері»

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен Жаңақорған аудандық ПӘК-кабинетінің ұйымдастыруымен, Жаңақорған ауданындағы ЕПМ-дің медицина қызметкерлері арасында «АИТВ-ға қан алу, сақтау, тасымалдау және экспресс тестпен жұмыс жасау ережелері», «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою. Іс-шара барысында қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап алмасып, қорытындыланды.