08 Ақпан 2024
69

Қалалық БМСК мекемелерінде АИТВ-инфекциясына биоматериалдарды алу, тасымалдау ережелері , жедел-тест қою тәртібі бойынша оқыту сабақтары жалғастырылуда

 Қалалық БМСК мекемелерінде АИТВ-инфекциясына биоматериалдарды алу, тасымалдау ережелері , жедел-тест қою тәртібі бойынша оқыту сабақтары жалғастырылуда

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары Г.Жолманова, Н.Жанғабылов, Г.Абдибаеваның қатысуымен  «АИТВ-инфекциясына биоматериалдарды алу, тасымалдау, жедел-тест қою әдісі» тақырыбында №4, орталық емханалардың қан, алу тасымалдауға  және жедел-тест қоюға жауапты медициналық қызметкерлері арасында семинар-сабақтар ұйымдастырылды.

Семинар барысында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологі Г.Жолманова медицина қызметкерлері арасында апаттық жағдайлар орын алғанда жүргізілетін эпидемиологиялық іс-шаралар,  АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау ережелері және облысымызда АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау барысында орын алған кемшіліктерге тоқталды. Сонымен қатар, ҚР ДСМ-нің 27.11.202ж. №211 бұйрығына енгізілген өзгерістер  бойынша жедел-тест әдісімен тексерілетін контингенттер бойынша  мағұлмат берді.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мейірбикесі Г.Абдибаева семинар аясында  АИТВ-инфекциясына жедел-тест қою әдісі бойынша практикалық дағдылар көрсетіп, қойылған сұрақтаға толық  жауаптар берді.

Эпидемиологиялық қадағалау

дәрігер-эпидемиологі Г.Жолманова