06 Ақпан 2024
94

АИТВ-инфекциясына биоматериалдарды алу,тасымалдау ережелері, жедел-тест қою тәртібі бойынша оқыту сабақтары жүргізілді

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары С.Балықбаева, Г.Жолманова, Н.Жанғабылов, Г.Абдибаеваның қатысуымен «АИТВ-инфекциясына биоматериалдарды алу, тасымалдау, жедел-тест қою әдісі» тақырыбында №1,№3 емханалардың қан, алу тасымалдауға және жедел-тест қоюға жауапты медициналық қызметкерлері арасында семинар-сабақтар ұйымдастырылды.
Семинар барысында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева облысымыздағы АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы, медицина қызметкерлері арасында апаттық жағдайлар орын алғанда жүргізілетін эпидемиологиялық іс-шаралар, АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау ережелері және облысымызда АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау барысында орын алған кемшіліктергетоқталды. Сонымен қатар, ҚР ДСМ-нің 27.11.202ж. №211 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша жедел-тест әдісімен тексерілетін контингенттер бойынша мағұлмат берді.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мейірбикесі Г.Абдибаева семинар аясында АИТВ-инфекциясына жедел-тест қою әдісі бойынша практикалық дағдылар көрсетіп, қойылған сұрақтаға толық жауаптар берді.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
меңгерушісі С.Балықбаева