01 Ақпан 2024
84

Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу

Қазіргі таңда дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. Соның бір айғағы ретінде қаладағы №282, №271 орта мектепте оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС орталығының педагогы Н.Смағұлова, АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, роликтер көрсетілді, оқушылар ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған үнпарақтар мен буклеттер таратылды.