28 Қараша 2023
85

АИТВ-ның алдын алу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық Қоғамдастықтарға» тақырыбында Шиелі ауданы мамандарының ұйымдастыруымен №156 орта мектепте оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Республикадағы, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпараттар берілді. Кездесу соңында сұрақ жауаптармен алмасып, ақпараттық материалдар таратылды.