28 Қараша 2023
68

АИТВ инфекциясы

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай  «Көшбасшылық Қоғамдастықтарға» тақырыбы аясында 2023 жылдың 23 қарашасында №216 орта мектепте оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшілер Жүсіп Ұ және Айбасов Т қатысып, Республикадағы, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Кездесу соңында сұрақ жауаптармен алмасып, ақпараттық материалдар таратылды.

ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов