27 Қараша 2023
81

АИТВ инфекциясы

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық
Қоғамдастықтарға» тақырыбы аясында 2023 жылдың 23 қарашасында №216
орта мектепте оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында
ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшілер Жүсіп Ұ және
Айбасов Т қатысып, Республикадағы, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің
қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы
ақпарат берді. Кездесу соңында сұрақ жауаптармен алмасып, ақпараттық
материалдар таратылды.
ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов