27 Қараша 2023
74

СЕМИНАРЫ

Дүниежүзілік ЖИТС-ке карсы күрес күніне арналған «Көшбасшылық
қауымдастықтарға» тақырыбында Қызылорда қаласындағы №1 мектеп
гимназиясында облыстық ЖИТС орталығы мамандарымен кездесу болып
өтті. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын
алу, жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде мағлұматтар берілді.
АИТВ/ЖИТС –тің ҚР, облыстыстағы індеттік ахуалы жайында айтылды.
АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминацияға жол бермеуге,
оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын
ұстануға шакырылды. АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі үнпарақшалар мен
буклеттер таратылып бейнероликтер көрсетілді.
ЖИТС орталығының мамандары
Нуртазаева.Ж , Касымова.И