27 Қараша 2023
85

Әуежай қызметкерлерімен жолаушылары АИТВ жайлы ақпараттандырылды

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облыстық ЖИТС орталығының мамандары қаланың әуежай қызметкерлерімен жолаушыларына АИТВ/ЖИТС-тің таралу жолдары, қазіргі таңда қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай, алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар 20-шы қараша мен 1-ші желтоқсан аралығында республика мен облыс көлемінде «Көшбасшылық қауымдастықтарға» ұранмен жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпараттар берілді. Іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС тақырыбында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.