25 Қараша 2023
84

АИТВ-ның алдын алу

2023 жылдың 23 қарашасында Қызылорда ашық университетінде

студенттер арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай

«Көшбасшылық-қауымдастықтарға» ұранымен кездесу өтті. Кездесуде

студенттерге АИТВ/ЖИТС –тің республикадағы және облыстағы індеттік

ахуалы таныстырылып,сақтану шараларына аса мән берілді. Студенттерге

аурудан сақтану жолдары туралы ақпараттық танымдық материалдар

таратылды,сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды. АИТВ/ЖИТС-пен өмір

сүрушілерге қоғамда қалыптасқан стигма, дискриманция жасау

тақырыбында рөлдік ойындар ойнатылды.

ЖИТС орталығының эпидемиологы Г.Жұмабекова