25 Қараша 2023
116

АИТВ/ЖИТС және жасөспірімдер

Күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу
шараларын насихаттау әсте бәсеңсіген емес. Соның бір айғағы ретінде Қызылорда
облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық
мамандары №140 қазақ орта мекбебінде «Жасөспірімдер және АИТВ/ЖИТС»
тақырыбында семинар өткізді. Мамандар оқушылардың АИТВ/ЖИТС жөніндегі
сұрақтарына жауап беріп, АИТВ инфекциясының әлемде, республикада, облыстағы
тіркелу жағдайы туралы мәлімет берілді.