25 Қараша 2023
103

1 желтоқсан -Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы Ашық есік күні

2023 жылдың 23-ші қарашасында Қызылорда облыстық ЖИТС

орталығында 1 желтоқсан -Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған

«Өркениет» және «Авиценна» медициналық колледжі студенттері арасында

Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ашық есік күні аясында медициналық колледж студенттері арасында

семинар-сабақ ұйымдастырылды, АИТВ-ның жұғу жолдары, клиникасы, емі ,

алдын

алу

шаралары,

АИТВ-жұқтырғандар

дискриминацияны болдырмау бойынша, «Көшбасшылық-қауымдастықтарға»

тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы

толық мағұлмат берілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын

заманауи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері

арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қойылды.

Ашық есік күніне қатысқан студенттер ЖИТС орталығының жұмысымен

танысты.

Облыстық ЖИТС орталығының

эпидемиологиялық қадағалаубөлімінің

меңгерушісіС.Балықбаева